Netflix компаниясының 2021 жылдың III тоқсанындағы таза табысы өткен тоқсанмен салыстырғанда 83% өсіп $1,45 млрд болды.
Компанияның жалпы кірісі $7,48 млрд болды. Былтыр осы уақытта $6,44 млрд еді.
Акция құны 21,62% өсіп $639 болды. Тиісінше капитализация $282,82 млрд құрады.
Ал акция басына шаққандағы пайда $3,19 болды. Өткен тоқсанда көрсеткіш $1,74 болған еді.
Компания бір тоқсанда жаңадан 4,4 млн жазылушы тартып, аудиториясын 214 млн-ға жеткізді.