Қазақстандықтар несие тарихын үш жағдайда дұрыстай алады.
2020 жылдың 30 наурызынан бастап теріс несие тарихын оңалтуға мүмкіндік туындады. Несие бюросы банктік немесе микронесие ұйымдарына 90 күннен асып кеткен қарызы барлардың несие тарихын "оңалта" алады.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 22 наурызда осындай жарлық шығарды.
Несие тарихын мына жағдайларда оңалтуға болады:
- несие бойынша қарызды жапқаннан 12 ай өткеннен кейін;
- қайта құрылымдау мен қайта қаржыландыру кезінде негізгі борышкер қарыздың 50 пайызын жапқан болса және соңғы 12 айда несиені қайта құрылымдау мен қайта қаржыландырудан 30 күннен кейін қарызды кешіктірмей төлеген болса;
- борышкер 90 күннен асып кеткен кешіктірілген қарызды жапқаннан кейін бір жылда қарызды кешіктіруді 30 күнтізбелік күннен асырмаса.
Осындай жағдайлар болса Несие бюросы несие есебінде кешіктіруді нөлге теңестіреді.
Несие есебінде кешіктіру тек қайта құрылымдау мен қайта қаржыландыру кезінде көрсетіледі және қайта құрылымдау мен қайта қаржыландыру күнінен кейін туындаған кешіктірулердің күні ғана көрсетіледі.