Қаржы нарығын реттеу агенттігінің 2020 жылдың 22 наурызындағы №19 қаулысына сай, бірінші несие бюросы 90 күннен асып кеткен төленбеген несиеге "қалпына келтірілген" деген мәртебе бере алады. Ол үшін мына шарттар орындалуы керек:
1) Несиені жапқаннан кейін 1 жыл өткен соң.
Мысалы, 2020 жлдың 1 қаңтарында борышкер несие бойынша қарыздарын толық өтесе, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап несие бюросы оған "қалпына келтірілген" деген мәртебе береді.
2) Несиені қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру күнінде несие бойынша қарыздың 50 пайыздан артығы өтелсе және қайта құрылымдау және қайта қаржыландырудан кейін бір жыл бойы борышкер несиені 30 күннен кешіктірмей төлеп отырса.
Мысалы, егер несиенің жалпы сомасы 500 мың теңге болса және борышкер 250 мың теңгеден артығын 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін өтеп тастаған болса (2020 жылдың 1 қаңтары - қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру күні), оған қоса 2020 жыл бойы борышкер 30 күннен артық кешіктірмеген болса, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап несие бюросы несие тарихын "қалпына келтіреді".
3) 90 күнтізбелік күннен артық кешіктірілген төлемді өтегеннен кейін, соңғы 12 ай бойы қатарынан 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей төленіп отырған болса.
Мысалы, егер борышкер 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кешіктірілген төлемді жауып, одан кейін 2020 жыл бойы 30 күннен кешіктірмей төлеп отырған болса, 2021 жылдың 1 қаңтарында несие тарихы "қалпына келеді".