Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,1%-ға ұлғайып, 2020 жылғы қыркүйектің соңында 14 345,5 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 302,8 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға, жеке тұлғаларға – 7 042,7 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 12 158,1 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,6%-ға, жеке тұлғаларға – 2,1%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 187,4 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,8%-ға, жеке тұлғаларға – 2,5%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы қыркүйектің соңында 84,8%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.
Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 12 352,7 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 992,8 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға азайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы қыркүйекте 2 232,8 млрд теңгеге (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 15,6%-ы) дейін 0,1%-ға ұлғайды.
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға берген кредиттерінің қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,0%), сауда (11,5%), құрылыс (4,9%) және көлік (3,4%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,1% (2019 жылғы қыркүйекте – 11,7%), жеке тұлғаларға – 17,3% (18,4%) болды.