Экономиканы кредиттеу көлемі бір айда шамамен өзгерген жоқ және 2020 жылғы шілденің соңында 13 932,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 132,0 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға азайды, жеке тұлғаларға – 6 800,0 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 738,1 млрд теңге болды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,4%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға 0,2%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 194,0 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,4%-ға, жеке тұлғаларға – 0,1%-ға ұлғайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы шілденің соңында 84,3%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 921,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 010,2 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға азайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы шілдеде 2 175,6 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 15,6%) 1,3%-ға ұлғайды.
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,4%), сауда (11,9%), құрылыс (5,0%) және көлік (3,6%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9%-ды (2019 жылғы шілдеде – 12,0%), жеке тұлғаларға – 16,7% (18,9%) құрады