2020 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша Қазақстандықтардың несие бойынша бантерге кешіктіріп отырған төлемдерінің көлемі 1,05 трлн теңге болды. Бұл бизнестің де, халықтың да кешіктіріп жатқан қарызы.
Жалпы банктердің берген несиесі, жеке тұлғаларды да, бизнесті де қосқанда берілген қарыздың 13,9 трлн теңге екені белгілі.
Ұлттық банктің мәліметінше, соның ішінде ұлттық валютамен 864 млрд теңге, шетел валютасымен 191,5 млрд теңге кешіктірілуде.
Жалпы, кешіктіріліп отырған төлемдердің көлемі бір жылда 11,5 пайызға өскен.
Аталған көрсеткіш бойынша бірінші орында Алматы қаласы (548,7 млрд теңге), одан кейін Нұр-Сұлтан (171,3 млрд) және ШҚО (85,4 млрд).
Шымкенттіктер 33,7 млрд теңгені, Атырау облысының тұрғындары 32,4 млрд теңгені, Қарағанды облысы 29,4 млрд теңгені, Қостанайлықтар 25 млрд теңгені кешіктіріп отыр.
Ең аз СҚО (6 млрд теңге) және Түркістан облысы (2,2 млрд теңге).