Автор: Салтанат Игенбекова, Halyk Finance
Ішкі сауда динамикасы жалпы экономикалық көрсеткіштерге және оларды болжауға айтарлықтай әсер етеді, себебі бұл сектор ІЖӨ-де елеулі үлесті алады (16,7%). Бұрын болжағанымыздай, 2025 жылдың қаңтар-қараша қорытындысы бойынша сала өсу қарқынының жылдық 8,8%-ға дейін баяулағанын көрсетті.
Сауда динамикасы негізінен мұнай өндіру мен ішкі нарықта сату көлемінің өсуі есебінен көтерме саудамен және экономиканы фискалдық ынталандыру аясында өнеркәсіптік азық-түлік емес тауарларға деген қазіргі жоғары сұраныспен қолдау тауып отыр. Алайда, шикізат секторына және бюджеттік құйылымдарға тәуелділік ұзақ мерзімді перспективада дамудың тұрақтылығына қатысты сын-қатерлер туғызады.
Бөлшек саудада да халықтың нақты кірістерінің қысқаруы және тұтынушылық несиелеу нарығындағы белсенділіктің төмендеуі әсерінен өсу қарқынының баяулауы байқалады.
Биылғы жылдың соңына қарай сауда өсу қарқынының одан әрі баяулайды деп болжаймыз, оған бірқатар фактор әсер етеді: жоғары база әсерінің сарқылуы, халықтың нақты кірістерінің төмендеуі, тұтынушылық несиелердің өсу қарқынының баяулауы және Ұлттық қордан трансферттер көлемінің азаюы (фискалдық ынталандырудың төмендеуі).
Сала динамикасы
2025 жылдың қаңтар-қараша айларында ҰСБ деректері бойынша, саланың өсуі жылдық 8,8%-ды құрады, бұл өсу қарқынының баяулағанын көрсетті (2025 жылдың қаңтар-қазанында +9,0% ж/ж), бұл жыл соңына қарай сауда динамикасының төмендеуі туралы болжамдарымызға сәйкес келеді. Биылғы жылы саланың өсу драйвері ретінде азық-түлік емес және өндірістік тауарлардың көтерме саудасы шығып отыр, оның үлесіне бүкіл сектор айналымының үштен екісінен астамы (66,8%) тиесілі. Оның динамикасы тау-кен өндіру секторының белсенділігімен және инвестициялық белсенділіктің елеулі кеңеюімен, соның ішінде мемлекеттік шығын есебінен қолдау табады.
2025 жылдың қаңтар-қараша қорытындысы бойынша көтерме сауданың өсу қарқыны 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы көрсеткіштерге (+9,7% ж/ж) қатысты жылдық 9,4%-ға дейін баяулады. Бұл ретте, көтерме сегменттегі өткізу көлемінің басым бөлігін құрайтын өндірістік тауарлардың айналымы жылдық 12,2% өсті, ал азық-түлік көтерме саудасы неғұрлым аз өсім көрсетті — 4,0%.
Биылғы жылдың соңына қарай көтерме сауда өсімінің қазіргі деңгейлері өткен жылғы жоғары базаға байланысты (+2024 жылдың соңында +8,6% ж/ж) теңеледі деп болжанып отыр. Жыл соңына қарай фискалдық ынталандыру төмендейтін болғандықтан, көтерме сауданың өсу қарқыны жыл соңына қарай баяулауын жалғастырады деп күтеміз.
Бөлшек сауда көрсеткіші
Сала құрылымындағы үлесі 32,7%-ды құрайтын бөлшек сауда да 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы ең жоғары көрсеткіштен кейін (+7,4% ж/ж) өсу қарқынының жылдық 7,3%-ға дейін баяулағанын көрсетті. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік тауарларының саудасы өсу қарқынының жеделдеуін көрсетті — жылдық 7,9%-ға дейін (2025 жылдың қаңтар-қазанында +7,5% ж/ж), ал азық-түлік емес тауарлардың динамикасы 2025 жылдың қаңтар-қазанындағы 7,3% ж/ж-дан 7,0% ж/ж-ға дейін төмендеді.
Бұрынғы шолуларымызда көрсеткеніміздей, бөлшек саудадағы байқалған динамиканың төмендеуі тұтынушылық сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді. Бұл үрдіс реттеушінің шараларының әсерінен тұтынушылық несиелеу өсу қарқынының баяулауы және халықтың нақты кірістерінің төмендеуі аясында болып жатыр (2025 жылдың тоғыз айында нақты жалақы жылдық 0,4% төмендеді). Нәтижесінде, тұтыну шығындарының бірінші кезектегі қажеттілік тауарларына (азық-түлікке) қарай ауысуы байқалады.
Біз халықтың нақты кірістерінің төмендеуіне, тұтынушылық несиелердің өсу қарқынының баяулауына, сондай-ақ жоғары база әсерінің сарқылуына және фискалдық ынталандырудың төмендеуіне байланысты көтерме және бөлшек сауданың өсу қарқынының ағымдағы жылдың соңына қарай одан әрі баяулауын күтеміз.