2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында нан өндірісі көлемі былтырғы осы уақыттағыдан 17,9% азайып 352,9 мың тоннаны құрады. Өткен жылы көрсеткіш алдыңғы жылдағыдан 9,2% көбейген еді.

Өндірістің төрттен бірі Түркістан облысына тиесілі: 89 мың тонна. Ал Алматы мен Ақтөбе облыстарында өндіріс тиісінше 41,1 мың және 34 мың тонна.

Тоғыз айда нан бағасы былтырғыдан 6,1% қымбаттады.

Айта кетерлігі, республиканың барлық өңірінде баға көтерілген. Соның ішінде ең көп астанада 12,2%, СҚО-да 9,6% және Ақмола облысында +9,5% қымбаттаған.

Ең аз қымбаттаған өңірлер Ақтөбе облысы 1,2%,  Шымкент 2,6% және Маң,ыстау облысы 3%.

Сонымен қатар халықтың жан басына шаққанадағы жейтін наны да азайған.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда нанның қымбаттау мүмкін екенін жазған едік.

Ауыл шаруашылық министрлігі де бидай мен ұнның қымбаттауы туралы айтқан еді.