Парламент Мәжілісінің Депутаты, "ЕЛ ТІРЕГІ" өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының басқарма төрағасы Нұржан Әлтаев "Артықшылықтан әділдікке" атты реформаларының халықтық тұғырнамасын ұсынады.
Нұржан Әлтаевтың пікірінше, өзгеретін уақыт келді. Және ең оңтайлы шешім- тиімді реформа жүргізу. Дәл осы сәтте бұл- абсолютті қажеттілік. Ел экономикасының құлдырауы нәтижесінде туатын жаппай кедейшілікке жол бермес үшін бүкіл қоғамның реформаларды әзірлеу мен жүргізуге қатысуы талап етіледі. Және бірінші кезекте – реформалар бағытының тірек және қозғаушы күші бола алатын қазақстандық бизнес.
«ЕЛ ТIРЕГI» ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛЕР ОДАҒЫ
«АРТЫҚШЫЛЫҚТАН ӘДІЛДІККЕ»!
Әлемдік пандемия еліміздің экономикасына кері әсерін тигізді. Қазірдің өзінде іскерлік орта тоқырауда және ертеңгі күнге алаңдаулы. Қазақстан бірден 3 дағдарыс жағдайына тап болды.
Бірінші: мұнай бағасының төмендеуі. Мұнай енді ел экономикасының негізі бола алмайды, тек жер асты «байлығына» сенетін уақыт аяқталды.
Екінші: пандемияға байланысты әлемдік экономикалық құлдырау, ол кем дегенде 3 жылға созылады.
Үшінші: экономиканы басқарудың бұрынғы жүйесінің дағдарысы.
Аталған мәселелердін алдын алмасақ зардабы ауыр болмақ. Мәселен,
▪ кәсіпорындардың банкроттығы және жұмыссыздық өсіміне әкелетін қысқартулар;
▪ мемлекеттік шығындардың күрт қысқаруы, бұл бюджет қызметкерлеріне әсер етеді;
▪ Ұлттық қор мен алтын-валюта резервтерінің барлық резервтерін жою;
▪ теңгенің девальвациясы және екі мәнді инфляция;
▪ банктердің банкроттығы.
Нәтижесінде кедейлік деңгейінін өсуі.
Осындай жағдайдың алдын-алу үшін не істеу керек?
Біздің идеология:
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАН ӘДІЛ ЭКОНОМИКАҒА!
Қазақстанның кешегі және бүгінгі экономикасы- белгілі топтардың артықшылығынан тұрып келді. Бұл-мемлекеттік бюджетте паразиттелетін түрлі деңгейдегі шенеуніктердің және оларға жақын «кәсіпкерлердің» қалың қабаты.
Сондықтан өзгеріс әрекеттері ешқандай нәтиже бермеді. Сондай-ақ, мемлекеттік даму бағдарламалары да сәтсіздікке ұшырады. Шенеуніктер мен оларға жақын жалған бизнесмендердің бұл қабаты жағдайды өзгертуге кез келген талпынысты тежейді.
Елдің жаңа экономикасы-әділдік экономикасы. Бұл қоғамға, азаматтарға, жеке секторға сүйене отырып, барлығына бірдей мүмкіндіктер экономикасы. Бұл үшін бізге:
▪ Барынша қолайлы бизнес орта. Бизнес жекелеген тұлғалардың артықшылығы емес, баршаға бірдей құқық. Адамдардың «жатып ішер» деу артық. Тек мүмкіндік қана мүмкіндік берсек, бизнес өзі-ақ жаңа жұмыс орындарын ашады. Бизнес үшін жағдай жасасақ – халық өз-өзін қамтамасыз ететін болады.
▪ Реттеуді түбегейлі қысқарту, бірінші кезекте ШОБ үшін. Бизнеспен айналысу «алынбас қамалдай» көрінбеуі керек.
▪ Ресурстарға, бірінші кезекте жер ресурстарына еркіндік беру. Жер-халықтыкі. Ел игілігі үшін пайдалану керек.
Неден бастаймыз?
- РЕФОРМАНЫ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУГЕ КЕҢІНЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСУ.
Әділдік экономикасын құру үшін ауқымды және түбегейлі реформалар жүргізу қажет. Олар сыбайлас жемқорлықтан азап шегетін және өз мүддесінде бюджеттерді алып тастайтындарға күшті қарсы тұруға шақырады.
Сондықтан, реформаларды әрбір азаматтың қатысуымен ғана жүргізуге болады. Ол үшін реформаның іргетасы болатын жақтастардың белсенді қабаты қажет.
Реформаларды қолдау мен іске асырудың осындай қабаты-қазақстандық БИЗНЕС.
Бизнес экономиканың тұрақты дамуы мен өсуіне мүдделі. Бизнес дағдарыстын лебін қазірдің өзінде сезуде. Кәсіпкерлер реформаларды арыға созудың ауыр салдарын айтып отыр. Сондықтан нақты бизнес-сектор Президент реформаларының бағытына толықтай сенеді және оны қолдауға дайын.
Ұсыныс: мемлекет және бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлерінен тұратын арнайы реформаларды іске асыру және оны бақылау жөніндегі комиссия құру.
- БАСҚАРУШЫЛЫҚ РЕФОРМА
Егер қазір қалыптасқан шенеунік қабатына сүйенетін болсақ, кез- келген экономикалық реформа жасаудын қажеті шамалы.
Сондықтан, экономикалық реформаны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет:
- Мемлекеттік аппараттың реттеуші өкілеттіктерін дереу қысқарту. Қазір экономикадағы кең мемлекеттік реттеу (рұқсаттар, анықтамалар және т. б.) бизнес-ахуалды нашарлатып, қатысты шенеуніктерді байыта, сыбайлас жемқор ортаны қалыптастырады. Бұл әрекеттер-бірінші кезекте.
Бизнес-қауымдастықтың қатысуымен мемлекеттік реттеу шараларын қысқарту бойынша жоспар әзірлеуді ұсынамыз. Бұл бизнесті көлеңкеден шығаруға, бизнесті құру мен дамытуды жеңілдетуге, демек – қажетті жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
- Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау. Реформалардың бұрынғы әрекеттері өтпеу себептеріне анализ, негізгі кедергілерді анықтау және жаңа мемлекеттік басқару реформасын дайындау.
ӘДІЛ-ЭКОНОМИКА
Қазақстан жаңа экономика құру, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру үшін барлық қажетті ресурстарға ие. Ақша бар, жер бар, адамдар бар. Тек оларды дұрыс басқару керек.
ҚАРАЖАТ
Елде, тіпті резервтерге жүгінбей-ақ, экономиканы реформалау үшін жеткілікті қаржы ресурстары бар. Бұл қаражат реформа үшін негіз болуға тиіс.
ҰСЫНЫС
- Мемлекеттік органдардың бөлінетін бюджеттерін және қажетсіз шығындарды қысқарту. Бұл экономикаға баруға болатын үлкен қаражатты босатады. Мысалы, шенеуніктерге жақын "бизнесмендер" жүргізетін жол жиектерін жыл сайын ауыстыру және сол жолдарды жөндеу – бұл, шын мәнінде, қаражатты бөлу тәсілі. Жұртшылықты тарта отырып, мемлекеттік шығыстардың аудиті қажет, оның қорытындысы бойынша қажетсіз шығындар қысқартылады.
- Банктердегі қаражаттар. Қазір 5 трлн. теңге банктердің ақшасы іс жүзінде айналыстан алынып, Ұлттық банкте тежелген қалпында тұр. Банктерге экономикаға инвестиция салудан гөрі бұл қаражатты Ұлттық банкте орналастыру тиімдірек.
Сондай-ақ банктердің саясатында елеулі өзгерістерге қол жеткізу, оларды нақты экономикаға инвестиция құю үшін ынталандыру қажет.
ЖЕР
Жер-халықтыкі. Жер біздің азаматтарымыздың онда өмір сүруі, үй салуы, оны өңдеуі, мал өсіруі үшін пайда әкелуі тиіс.
Қазір алынған жерлердің кімге тиесілі екені түсініксіз. Оның көп бөлігі бос жатыр.
202 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің тек 104.1 млн. га (51.5%) пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығына үлкен қаражат бөлінеді, бірақ нәтиже жоқ. Қазақстан тіпті картоп пен ет импорттайды.
Бұл ретте елде бос жерлерде ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін ондаған мың адам бар. Бірақ олар оларды ала алмайды.
Ауыл тұрғындары жеке шаруашылық ашып, мал өсірсе көп шаруалардың әлеуметтік жағдайы жақсарар еді. Елімізде жеке қосалқы шаруашылықтар 1,7 миллионнан астам. Бизнес шағыннан басталады, олар болашақта ірі шаруа қожалықтарына айналуға үлкен мқмкіндік бар. Алайда, қазір оларда жайылым жер жоқ. Жеке, қосалқы шаруашылықтарға мал ұстау үшін 35 млн.гектар жер жетіспейді. Бұл 116 млн. гектар жайылымдар мен шабындықтар, олардың бір бөлігі жалға алынған кезде іс жүзінде пайдаланылмайды.
Ұсыныс:
▪ Жерді иелену ережесін қайта қарап, оған нақты жұмыс істейтіндер ғана иелікке беру;
▪ Бос жерлерді мемлекеттік резервке қайтару;
▪ Жер алып, жайылымда мал өсіргісі келетін кәсіпкерлер үшін барлық әкімшілік кедергілерді алып тастау;
▪ Елді мекендердің айналасындағы жайылымдар мен шабындықтарды қоғамдық жайылым жерлер ретінде бөлу.
ҚОҒАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ
Біздің халқымыз жалқау және еңбекке қабілетсіз деген бір дөрекі пікір қалыптасқан. Және сол сөзге етіміз үйреніп бара жатқандай... Алайда, біз жейтін наның адал еңбекпен тапқан еңбекқор халықпыз.
Бізде тек мемлекеттік қызметке, қымбат кеңселердегі кызметке ұмтылатын жастарды сынайды. Бірақ, елде осындай экономика қалыптасқан, тек мемлекеттік қызметте ғана табыс табуға болады. Сондықтан жастар сондай жерге ұмтылады, еңбегі үшін тиын-тебен алуға емес, жақсы жұмысқа ұмтылған жастарды кінәлау дұрыс па ?
Елімізде лайықты жұмыс аз, себебі бизнес құлдырауда. Бюджетті тарқатып табатын "кәсіпкерлерге" бизнесті дамытуға және адамдарға көбірек төлеуге мұқтаж емес.
Адамдарға жұмыс істеуге, бизнеспен айналысуға мүмкіндік беру керек, содан кейін ел өркендей бастайды.
Қазақстан азаматының құқығы – өз жерінде өмір сүре отырып, даму үшін барлық мүмкіндіктерге ие болу.
Ұсыныс:
- Адрестік тіркеу институтын алып тастау. Мен өз елімдемін және өз жерімде кез келген жерде өмір сүруге құқығым бар.
- Тұрғын үйге мұқтаж Қазақстанның барлық азаматтарына құрылыс үшін жер учаскелерін беру.
Мұндай үлкен аумақ пен осындай аз халықпен үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген отбасылар болмауы керек. Үкіметтің барлық дәлелдері адамдарға жер бермеуі үшін айтылған бос сөз.