Mycar.kz жаңа автокөліктерге арналған Қазақстандағы тұңғыш маркетплейсті таныстырды. Іс-шараға қызығушылық танытқан адамдар офлайн және онлайн форматта қатыса алды.

Болжам бойынша, 2027 жылға қарай әлемде электронды автокоммерция нарығының көлемі 88 миллиард долларға жетеді. Сонда болжамды кезеңдегі жылдық өсім орташа есеппен 12% құрайды. Ernst&Young жүргізген соңғы зерттеулерге сәйкес, әлемдегі автокөлік сатып алушылардың 46%-ы көлікті онлайн сатып алу мүмкіндігі болғанын қалайды.

Әлемдік трендтер мен қазақстандық сатып алушылардың онлайн саудаға артықшылық беріп отырғанын ескере отырып, Mycar Group жаңа автокөліктерге арналған маркетплейсін жасады.


«Цифрлық технологияларды дамыту мен заманауи талаптарға сай қызметтерді ұсынбаса, біздің бизнес өзектілігін жоғалтуы мүмкін екенін түсіндік. Бұл түсінік автомобиль саласында экожүйелік бизнес құрып, цифрлық технологияларды енгізу шешімін қабылдауға ынталандырды. Біздің мақсатымыз — автокөлік иеленудің барлық кезеңдерін барынша цифрландыру. Біз Mycar.kz қосымшасын жетілдіріп жатырмыз, ол клиенттерге жаңа автокөліктерді онлайн сатып алуды, автонесиелер алуды, көлікті тіркеуді, қызмет көрсету мен алып-сатуды бір жерден атқаруға мүмкіндік береді», — деді Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Сымағұлов.

Платформа 25 дилерлік орталықта қолжетімді жаңа автокөліктерді қамтитын цифрлі витрина ретінде қызмет етеді. Бүгінгі таңда маркетплейс Hyundai, Subaru, Chery, Changan, Haval және Tank брендтерін ұсынады. Клиенттерге қолжетімділікті арттыру және ұсыныстарды кеңейту мақсатында жақын арада маркетплейске 10 дейін бренд, Қазақстан бойынша 155 жеке және тәуелсіз дилерлік орталықтар қосылып, жаңа ғана емес, жүрілген автокөліктерді де онлайн сату енгізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, шарада Нұрлан Смағұлов қазақстандық автокөләк брендін шығаруы мүмкін екенін айтқан.

Маркетплейстің басты артықшылығы — ыңғайлы және көлікті сатып алу жылдам жүреді. Маркетплейс арқылы автокөлік сатып алу процесі небәрі 25 минут уақыт алады. Дәстүрлі әдісте әдетте рәсімдеу 6,5 сағатқа дейін созылар еді.


Ең маңызды функциялардың бірі — Mycredit қызметі. Ол бір терезеде 8 банктен несие ұсыныстарын алуға мүмкіндік береді. Сатып алушылар банктерге бармай-ақ, автонесиелеу бойынша ең тиімді шарттарды таңдай алады.

Маркетплейс толық онлайн интеграцияланған. Автокөлікті таңдаудан бастап құжаттарға қол қоюға дейінгі барлық кезеңдер Mycar.kz қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Бұған төлем жасау және автокөлікті үйге жеткізу мүмкіндігі де кіреді.

«Адамдардың, әсіресе жастардың, дилерлік орталықтарға барып, автокөлік таңдау мен кеңесшілермен ұзақ уақыт сөйлесуге уақыт жұмсағысы келмейтінін байқаудамыз. Олар бүкіл процесті оңай және жылдам өткізуді қалайды. Біз уақыт талабына сәйкестенуге дайынбыз және цифрлық технологияларды бизнесіміздің барлық саласына енгізудеміз. Сондықтан біз осы үдерісті жеңілдететін өнім жасадық», — деп атап өтті Mycar Group компаниясының өнімді дамыту жөніндегі директоры Диас Мұхамедиев.

Бұл ерекшеліктер Mycar.kz маркетплейсінің инновациясы мен ыңғайлылығын айқындайдыү Бастысы, оны сатып алушылар мен серіктестер үшін тартымды етеді.