Өткен апта теңге үшін қолайсыз болды. Ұлттық валюта барлық
сатылатын валюталарға қатысты баяу түрде құнсызданып жатыр.
Сыртқы ахуалдың
қысымы теңгені біртіндеп әлсіретуде. Мұнай бағасы аптаның соңына қарай бір
доллар үшін 76 долларға дейін түсті. Бұл биылдыққа ең төмен баға. Бұған
Еуропалық одақ елдерінің ресейлік мұнайды сатып алмау және оның бағасына шек
қою туралы уағдаластығы әсер етті.
Осылайша жаңа
шектеулердің енгізілуі, АҚШ Энергетика министрлігі тарапынан мұнай қоры бойынша
жаңа деректер мен олардың өсуіне қатысты болжамдар әлемдік нарықта мұнай
бағасының төмендеуіне ықпал етті. Шикізаттық нарықтардың осыншама құбылмалы болып
кетуіне «Сұраныс түсіп кете ме» деген қорқыныш қос үрейге қосымшы болып тұр.
Өйткені ол «Мұнайды жеткізуге қатысты іркілістер мен антиресейлік шектеулерге
байланысты мұнай ұсыну төмендеп кете ме» деген қорқыныштан да жоғары.
Нарыққа
қатысушылардың «АҚШ-тың ФРЖ-сы өз саясатын қатаңдату қарқынын бәсеңдетсе екен»
деген үміті ғаламдық доллардың күшін әлсіретуге және АҚШ-тың қазыналық облигациясы
табыстылығының біртіндеп төмендеуіне әкеп соғады. Апта соңында америкалық
экономиканың ауыл шаруашылығына жатпайтын секторларындағы жаңа жұмыс орындары
бойынша шыққан статистика доллардың жайғасымының қысқа уақыт аралығында аздап
өсуіне әсер етті. Жалпы қазір нарықта оң көңіл-күй байқалады.
Алдағы аптада
әлемнің көптеген елдерінің орталық банктері пайыздық мөлшерлемелер бойынша
отырыстарын өткізеді. Соның салдарынан теңге бағамының құбылмалығы артып, ішкі
нарықта валюта жұптарының тербелу ауқымы кеңеюі мүмкін.
Аптаның басында
базалық мөлшерлеменің қосымша 75 базистік пунктке көтерілуі теңгенің
жайғасымына анау айтқандай әсер еткен жоқ.
Соған қарағанда теңге бағамы сол кездің өзінде базалық мөлшерлеменің
ағымдағы нақты деңгейін көрсеткен. Соған қарап, мұнай бағасы өткен жылдың
сәйкес кезеңіндегі деңгейге дейін түссе де оған теңге бағамы неге өзгеріссіз
қалғанын түсінуге болады.
Айжан Әлибекова, Jusan Analytics аға талдаушысы