АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғыс «іс жүзінде аяқталуға жақын» деген мәлімдеме жасағаннан кейін мұнайдың баррелі 100 доллардан төмен түсті.

Трамптың Иранға қарсы соғысы жақын арада аяқталуы мүмкін екенін меңзегенінен кейін кеше 116 долларға дейін жетіп, 106 доллар айналасына тұрақтаған мұнай құны біртіндеп төмендей бастады. Қазір, 10 наурыз күні Астана уақытымен 07:30-да мұнай құны 88,83 доллар болып тұр.

Трамптың мәлімдеуінше, операция жоспардан артығымен орындалып жатыр.