Мұнай бағасы 80 доллардан төмендеп кетті

АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздің нәтижесінде Ормуз бұғазы ашылғасын мұнай бағасы арзандап келеді. Кеше 80 долларға жақындаған қара алтын құны бүгін тағы да төмендеп Астана уақытымен 08:50-де 78,66 долларға саудаланды.

Осылайша мұнай бағасы бір күнде 0,38%, бір аптада 15,45%, бір айда 27,95% арзандады.