Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 1 қарашадағы мәлімет бойынша мүгедектігі бар адамдар арасында 148 мың адам немесе еңбекке қабілетті адамдардың 39%-ы жұмыспен қамтылғанын хабарлады. Бұл ретте өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға жетпейді.
Жұмыспен қамту салалары бойынша ғылыми қызмет (28%), мемлекеттік басқару (12%), білім беру және сауда (9%), денсаулық сақтау (7%) көш бастап тұр.
«Кәсіптер бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21%-ы кәсіби мамандар, 19%-ы біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13%-ы техник-мамандар, 11%-ы – басшылар мен мемлекеттік қызметшілер; қызмет көрсету, сату саласында жұмыс істейтін қызметкерлер», — деп атап өтті Светлана Жақыпова.