Онлайн Astana Finance Days аясында 8 елден 15 финтех-стартап Орталық Азия корпорацияларына өз шешімдерін ұсынды.
- Multis (Қазақстан) - ең жақсы несиелік ұсынысты іздеу.
- ARNI.io (Ресей) - сөйлесетін жасанды интеллект, адам ретінде сөйлесетін ақылды іздеу жүйесі.
- Boollo.Safe (Гонконг) - сақтандыру компаниялары арасында ең жақсы ұсынысты таңдауға мүмкіндік беретін сақтандыру платформасы.
- Upswot (Украина) - банктерге шағын және орта бизнестің бизнес жүйелеріне API қолдауымен кіруге көмектеседі.
- eCredit (Ресей) - автокөлік өндірушілері мен дилерлері үшін несиелік және сақтандыру өнімдерін сатуды басқаруға арналған платформа және т.б.
"Стартаптар үшін банктермен, сақтандыру компанияларымен, мобильді операторлармен және Орталық Азиядағы бөлшек сауда орындарымен кездесулер ұйымдастырылады.«Іс-шара жоғары деңгейде өтті, мен Fintechstars Innovation Day барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына тамаша ұйымдастырғаны және қызықты оқиғалары үшін алғыс айтамын. Mastercard бірнеше жыл бойы АХҚО-мен қолма-қол ақшасыз экономика мен төлем технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды жасауда жұмыс істеп келеді және біз Финтех Хаб қызметінің үлкен пайдасын көреміз, оны дамыту үшін өте үлкен қызмет саласы бар, онын көмегімен қаржылық және басқа шешімдер мен технологияларды жүзеге асыруға болады. Біз барлығына одан әрі табыс тілейміз», - деді Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркменстандағы және Өзбекстандағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.
«Қазақстан және жалпы Орталық Азия қаржылық инновацияларды енгізу үшін үлкен әлеуетке ие. Іс-шараға дайындық кезінде біз 15 елдің 65 стартап-компанияларынан өтінім қабылдадық, бұл өз кезегінде аймақтың тартымдылығын көрсетеді. Финтех стартаптардың шешулерің банктерде, сақтандыру, телекоммуникация компанияларында және бөлшек саудада жүзеге асырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Сондықтан біздің мақсаттарымыздың бірі – бұл әлемнің көптеген озық стартаптарын тарту», - деді АХҚО Финтех Хабының стартаптарды қолдау бағдарламаларының жетекшісі Тарас Волобуев.
Осындай сипаттағы оқиғалар аймақтағы финтех-сектордың дамуына серпін береді. АХҚО Финтех хабында 120-дан астам Fintech стартаптардың тәжірибеден өтуге, корпорациялармен байланыс орнатуға, түрлі іс-шараларға қатысуғ мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, АХҚО ағылшын құқығына негізделген көп функциялы құқықтық платформаны, қолайлы салық режимін және Орталықтың резидент компаниялардың операциялық қызметін ынталандырады.
Конференция барысында COVID-19 карантинінен кейін корпорациялар мен стартаптар үшін жаңа мүмкіндіктер тақырыбы ашылды.
Жұмыс сессиясында сарапшылар пандемиядан кейін корпорациялар мен стартаптар үшін мүмкіндіктерді талқылады. Ресейлік GenerationS акселераторының корпоративті бағытының жетекшісі Ирина Мартынова, Скандинавиядағы жетекші акселератор Accelerace кәсіпорындарының скаутинг бөлімінің жетекшісі Джек Петерс және Bitfury блокчейн компаниясының Қазақстандағы директоры Тимур Баиров сөз сөйледі.
Пандемия жағдайында технологиялық орта қарқынды дамуда, бүкіл нарықтар мен бизнес модельдер өзгеруде. Негізінен қатаң реттелетін корпорациялар үшін инновацияны басқару қиын, бірақ өмір сүру үшін бұл өте маңызды. Бұл мәселенің шешімі корпоративтік инновация саласында. Сарапшылар компанияда инновациялық қызметті іске қосу және қалпына келтіру жоспары туралы талқылап, кеңестер берді. Корпорациялар стартаптармен бірлесіп жаңа технологияларды енгізе алады. Бұл кірісті арттыруға және шығындарды азайтуға көмектеседі.
«Инновацияға бағытталған кез-келген компания үшін инновациялық қызметті қалпына келтіруді неден бастау керектігін, дұрыс жоспарлауды және күтілетін нәтижеге қалай жету керектігін түсіну маңызды», - деп түсіндірді GenerationS акселераторының корпоративтік бағытының жетекшісі Ирина Мартынова.
Accelerace кәсіпорындарының скаутинг бойынша директоры Джек Питерс, стартап қауымдастығы Скандинавия мен Солтүстік Еуропа елдерінде белсенді дамып келе жатқанын атап өтті, ал корпорациялар өз кезегінде стартаптармен қалай жұмыс істеуге болатындығы туралы нақты түсінік қалыптастыруда.
«Корпоративтік инновацияны дамыту тақырыбы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азия нарығында қарқын алуда. Корпоративтік инновациялар департаменті және бүкіл АХҚО Финтех Хабы аясында біз компаниялар, стартаптар және мемлекеттік органдар үшін сарапшыларды тарту орны мен желілік алаң құрамыз. Осылайша біз бірлескен пилоттық жобаларды, IT-компаниялар мен нақты бизнес және стартаптар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың корпоративтік бағдарламаларын бастай аламыз», - деді АХҚО Финтех Хабының корпоративті инновациялар бөлімінің басқарушысы Әлім Хамитов.
Пандемия кезінде стартаптар өздерінің желісін сыни түрде кеңейтеді, серіктес және сараптамалық қауымдастықтар арасында сұранысты растайды, нарықпен өзара әрекеттеседі және стартап жұмыс істеуге арналған құралдар мен ресурстар бар екендігін көрсетеді.