Статистика бюросы мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдан Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін 1 451 адам, Моңғолиядан 1 088 адам келген. Екі жағдайда да 2023 жылдың осы уақытымен салыстырғанда үш есе дерлік ұлғайған: тиісінше 177% және 172%.

Қытайдан келген иммигранттар саны 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болды, дегенмен 2020 жылы тек тоғыз адамға аз болды. Ал Моңғолиядан келушілер 2011 жылдан бергі рекорд.

Қытай мен Моңғолиядан келгендердің барлығы дерлік ұлты қазақтар (тиісінше 98% және 99%).

ҚХР-дан келген иммигранттардың жартысы Астана мен Алматыда (Алматыда тұрақтаушылар сәл көп) қоныстанды, сонымен қатар әрбір бесінші бөлігі дерлік Алматы облысына табан тіреген.

Моңғолиядан келетіндер үшін ең танымал аймақ Ақмола облысы (33%), Астана (23%) және  Алматы (13%).

Айтпақшы, биыл алғашқы үш тоқсанында барлығы 20,4 мың иммигрант келді, бұл 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 6,5% көп. Ал көшіп кеткендер саны шамамен 10,2 мың, бұл бір жыл бұрынғыдан 20% аз.