Швейцарияның ірі қаржылық холдингі UBS тобының жасаған сауалнама нәтижесіне сүйенсек, миллионер инвесторлардың болжамынша, короновирус дағдарысынан кейін қор нарықтарының құлдырауының екінші толқыны келмек.
UBS Global Wealth Management 1-20 сәуір аралығында әлемнің 14 елінен кемі 1 млн доллар инвестиция салатын 2928 инвесторға сауалнама жасады.
Солардың 61%-ы акциялардың әлі де болса 5-20 пайыз арзандайтынын айтса, 23%-ы қазір инвестиция салатын ең қолайлы уақыт екенін айтады. тағы 16%-ы қазір "тыныш отыру керек" екенін айтады.
Сауалнамаға қатысқандардың тең жартысы қазір нарықта белсенді болмайтынын айтады. Ал 37%-ы инвестицияны одан сайын көбейтетінін хабарласа, тағы 16%-ы керісінше азайтатынын айтады.
60%-ы әлемдік рецессияның әлі 12 ай созылатынын болжайды. Ал одан кейінгі уақытта бәрі орнына келуі тиіс.
Айта кетерлігі, АҚШ-тағы инвесторлардың 30%-ы ғана ел экономикасына сенетінін айтса, Азия елдерінің шамамен 55%-ы экономикаға риза.