ҚР микроқаржы нарығы тұрақты өсіп келеді және халық арасындағы танымалдығы мен өнімдеріне сұраныс күшейді, деп хабарлайды finprom.kz.
ҚР-ның 243 МҚҰ жиынтық несие портфелі биылғы екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 838,3 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 58% артық. Ал соңғы 5 жылда ҚР МҚҰ микронесиелерінің көлемі бірден 6,4 есе өсті. Салыстыру үшін: 2022 жылғы маусымда ҚР ЕДБ несие портфелі бір жылда 27,1% өсті, ал 5 жыл ішінде өсім небәрі 37,2%-ды құрады.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚР ҚНРДА) микроқаржы ұйымдарын лицензиялауды енгізуі саладағы динамикаға оң әсер етті. Енгізілген өзгерістер нарықтың тартымдылығын арттырды және оған қатысушылардың айтарлықтай белсенді болуына ықпал етті. Мысалы, бір жыл бұрын ҚР-да 217 МҚҰ тіркелген болса, 5 жыл бұрын небәрі 146 болған еді.
Айта кетерлігі, биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде қаңтар оқиғасы мен одан кейінгі геосаяси дағдарысқа қарамастан ҚР МҚҰ микронесиелері 141,9 млрд теңгеге өскен. Жыл басынан бері ҚР тор-10 МҚҰ-ның 8-і несие портфелін ұлғайтты.