Микроқаржы ұйымдарына, ломбардтарға және несие серіктестіктеріне лицензия беру ережелері қатайтылады. 

Қпрды нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензияға өтініш беру кезеңінде тәуекелдерді басқару талаптарын белгілейді. Мінсіз іскерлік беделге қойылатын талаптар да күшейтіліп, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылған микроқаржы ұйымдарының қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу міндеті мен жауапкершілігі күшейтілетін болады.

Мұндай бастамаларды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі көтерді. Микроқаржы қызметімен айналысатын ұйымдарға – МҚҰ, ломбардтар мен несие серіктестіктеріне лицензия беру ережелерін қатайту ниеті шектен тыс берешекпен күрес аясында жүзеге асырылуда. Агенттік микроқаржы нарығының өзін-өзі реттеуге дайындығын талдап, өзін өзі реттеу ұйымдарына берілетін функцияларды анықтап, тиісті заңнамалық өзгерістерді әзірлейтіні баса айтылды.