2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі 215 микроқаржы ұйымының (МҚҰ) 63-і шығынмен жұмыс істеген. Олардың жиынтық шығыны – 24,2 млрд теңге. Бұл туралы Ұлттық банк деректерінде айтылған.

Барлық МҚҰ-ның жалпы пайдасы 2025 жылы 48,96 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі еседен аса төмендеді.

2026 жылдың басында Қазақстанда жылды шығынмен аяқтаған МҚҰ саны 48-ден 63-ке дейін өсті (барлығы – 215 ұйым).

Олардың жалпы шығыны да 5 млрд теңгеден 24,2 млрд теңгеге дейін, яғни шамамен бес есе артты.

Ең үлкен шығынға ұшыраған МҚҰ:

  • Solva (ОнлайнКазФинанс) – 10 млрд теңге
  • Credit365 Kazakhstan – 3,2 млрд теңге
  • CreditNova – 1,5 млрд теңге
  • Dem Finance – 1 млрд теңгеден астам

Ең көп пайда тапқан МҚҰ:

  • Робокэш.кз – 11,5 млрд теңге
  • Toyota Financial Services Kazakhstan – 10 млрд теңге
  • TAS Group – 8 млрд теңге

Пайданың төмендеуі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің азаматтардың шамадан тыс қарыздануын азайту мақсатында микронесиелер беру талаптарын қатаңдатуымен байланысты.