2020 жылдың 9 айында мемлекеттік сатып алу бойынша алынған тауар, қызмет пен жұмыс көлемі 12,5 трлн теңгені құрадл. Соның ішінде шамамен 6,5 трлн теңге, яғни 52%-ы отандық кәсіпкерлерде қалса, қалған бөлігі шетелге кетті. Яғни, алынған тауар мен тұтынылған таура және қызметтің жартысы отандық өнім, жартысы импорт.
Соның ішінде мемлекеттік органдар импорттауға құмар. Мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу арқылы жұмсаған ақшасының тек 30%-ын ғана отандық өнімге жұмсаса, қалғанын импорттапты.
Ал инфрақұрылымдық жобаларда отандық өнімнің үлесі 90% болуы керек.
Нұрлы жер бағдарламасы бойынша жұмсалған қаражаттың тек 83%-ы ғана отандық өнімге жұмсалған. Өңірлерде бойынша ең төменгі көрсеткіштер астанада (59%), Түркістан облысында (64%) және Павлодар облысында (61%).
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында мемлекеттік сатып алуда отандық өнімнің үлесі 87%. Ең төменгі көрсеткіштер Алматы облысында (60%), Қызылорда облысында (73%) және Маңғыстау облысында (80%).
Алайда 2020 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудағы отандық өнімнің үлесі аз да болса өсіп келе жатыр. 2020 жылдан бастап отандық өнім үлесі1,3% көбейген. 2021 жылдың тоғыз айы қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуға 12,9 трлн теңге жұмсалса, соның ішінде отандық өнім 6,4% көбейіп 58,3%-ын құрады.
Айта кетерлігі мұның бәрі Ұлттық қор мен бюджеттен жұмсалған қаражат.