Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен кездесуінде айтқандары туралы үндеуі шықты.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің экономикалық саясатын түбегейлі қайта жаңғырту бағытын белгіледі. Оны іске асыру тетіктерін айқындап, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша нақты міндеттер қойды. Экономиканың жаңа моделінің қағидаттарын қолдай отырып және оларды талдай отырып, мыналарды ерекше атап өткен жөн", дейді Годунова.
Бірінші. Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің жеткіліксіз деңгейі. Салық төлеуден жалтару, бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша артық төлемді ұлғайту, салықтық тексерулер мен камералдық бақылаудың нәтижелілігін төмендету бойынша мәселелер сақталды.
Екінші. Әлбетте, бүгінгі жағдайда Ұлттық қордың қаражаты талап етілуі мүмкін. Алайда, салықтық әкімшілендірудің сапасын арттыру, квазимемлекеттік сектор субъектілерін реформалау және жекешелендіру өте маңызды ресурстар бере алады.
Үшінші. Квазимемлекеттік секторды реформалау. Есеп комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019-2021 жылдар аралығында негізгі ұлттық компаниялар мен холдингтер қызметінің тиімділігіне талдау жүргізгені белгілі. Олар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰБХ», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» және т. б.
Мәселен, жүйелі проблемалардың қатарында конкурссыз және көбінесе үлестес компанияларда (77% - бір көзден) өткізілетін сатып алудың елеулі үлесінің ашық еместігі, сондай-ақ дивидендтік саясатты реттеудің болмауы анықталды
Бұл төленген дивидендтердің көлемі алынған кіріске сәйкес келмеген кезде (1 992 млрд. теңге кіріске 143 млрд. теңге дивиденд).
Жалпы, Президент ұсынған шаралар негізгі проблемаларды шешуге, халықтың табысын арттыруға, қоғамдағы мүліктік бөлінуді және туындаған әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді.
Қазір Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндеттерді жедел және сапалы орындау үшін барлық ресурстарды жұмылдыру өте маңызды.
Есеп комитеті өз тарапынан ағымдағы жылы бекітілген тізбе шеңберінде экономиканың жүйе құраушы және маңызды салаларының тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жалғастырады. Атап айтқанда, Ұлттық қор трансферттерінің пайдаланылуын бағалау, мұнай өнімдеріне баға белгілеудің негізділігі және басқалары бойынша аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу жоспарланған.