2021 жылдың 9 айында жергілікті қамтудың өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ды құрады — 51,9%-дан 58,3%-ға дейін артты, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Қарапайым заттар экономикасының 7 саласы бойынша жергілікті қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілді, оның ішінде машина жасау, фармацевтика, жеңіл, жиһаз, химия және тамақ өнеркәсіптерінде.
Премьер-Министр саланың әлеуеті өте зор және нарықта сұранысқа ие болғанымен, құрылыс материалдары өндірісінде 77,3% (нақты көрсеткіш – 73%) мақсатты көрсеткішке қол жеткізілмегенін атап өтті.
Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары (77% және 62%) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша жергілікті қамту үлесі бойынша өңірлер рейтингінде көшбасшы болып табылады.
Бұл ретте ең төмен көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласында (47% және 42%).
«Биыл 9 айдың қорытындысында реттелетін сатып алудың жалпы көлемі 12,9 трлн теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесі 6,4% өсіп, 58,3% құрады. Субъектілер бойынша ең жоғары өсімді мемлекеттік сатып алуда – 6,2%, ұлттық компаниялардағы сатып алуларда – 0,8% және жер қойнауын пайдаланушылар – 12,8% көрсетті», — деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы.
Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша нысаналы индикаторлар белгіленді. Атап айтқанда, 2021 жылға арналған жергілікті қамтудың орташа үлесі: құрылыс материалдарында – 77,3%; жиһаз өндірісінде – 68,5%; жеңіл өнеркәсіпте – 65,5%; целлюлоза-қағаз саласында – 53,7%; химияда – 36,2%; фармацевтикада – 32,3%; машина жасауда – 19,5% құрайды.
Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамтуды дамытуға үлкен көңіл бөледі. «2020 жылдың қорытындысы бойынша көмірсутек шикізаты және уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі шамамен 5,4 трлн теңгені құрады», — деді М. Мырзағалиев. Бұл ретте осы сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 46% құрады. Оның ішінде: тауарларды сатып алудағы – 19,7%; жұмыстарда – 51,3%; қызметтерді сатып алуда 50,3% құрады. Жер қойнауын пайдаланушылардың 2021 жылға арналған сатып алу жоспары 6,8 трлн теңгені көздейді. Ондағы жергілікті қамту үлесінің болжамды көрсеткіші 46,5% немесе 3,1 трлн теңгені құрайды. тауарлар бойынша жергілікті қамтудың үлесі 19,5%; жұмыстар бойынша 51,3% құрайды; қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту 52,3% құрайды. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінің шамамен 77% үш ірі операторға тиесілі. Олар — «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығынақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «Норт Каспиан Оперейтинг Н.В.». Сатып алудың қалған 13% «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ компаниялар тобының және 10% басқа да жер қойнауын пайдаланушылардың үлесінде. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қазір отандық тауар өндірушілер келесі тауарлармен толық қамтамасыз етеді. Олар: құрылыс-монтаж материалдары (сэндвич панельдері, металл конструкциялары, темірбетон және арматуралық стрежньдер); құбыр материалдары (құбырлар мен фитингтер, фланецтер, клапандар, арнайы құбыр тіректері); механикалық жабдықтар (ыдыстар, жылу алмастырғыштар және т. б.); электроматериалдар (трансформаторлар, электр қалқандары, жарықтандыру); телекоммуникация материалдары (телекоммуникациялық кабельдер, бейнебақылау жүйесі және т.б.); жанар-жағармай материалдары (мотор майларын қоса алғанда).
«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларындағы жергілікті қамтуды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев хабарлады. «Қордың компаниялар тобы бойынша сатып алудың жалпы жоспары 3,6 трлн теңгені құрады, оның ішінде 2021 жылдың 10 айында жасалған сатып алу шарттарының сомасы 3,3 трлн теңгені немесе жалпы жоспардың 91,7% - ын құрады. Қазақстандық компаниялармен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 2,9 трлн теңгеге немесе жасалған шарттардың жалпы көлемінің 87,9%-ына шарт жасалды», — деді А. Сәтқалиев. Жергілікті қамту үлесі 76% құрады, оның ішінде тауарлар бойынша – 66%, жұмыстар бойынша – 85%, қызметтер бойынша – 89%. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биылғы жылдың 10 айында «қарапайым заттар экономикасы» тауарларындағы жергілікті қамту үлесі 7%-ға 2020 жылғы 70%-дан 2021 жылы 78%-ға дейін ұлғайды. Жыл соңына дейін барлық жоспарлар орындалатын болады. Жергілікті қамтудың үлесі жыл бойынша 76% және қарапайым заттар экономикасы бойынша 78% құрайды. «Самұрық-Қазына» қоры тұрақты және жүйелі негізде отандық тауар өндірушілерді сатып алуды дамыту және қолдау бойынша жұмыс жүргізуде. Тауарларды сатып алу шарттарының жалпы сомасынан отандық өндірушілермен 1,2 трлн теңгеге немесе 75%-ға шарт жасалғанын атап өткен жөн.