KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыштың номиналды сомасы 2022 жылғы сәуірдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 2,8%-ға немесе 480,3 млн теңгеге көтеріліп, 2022 жылғы мамырдағы қорытындылар бойынша 17,8 трлн теңгені құрады. 

2022 жылғы мамырдың қорытындылары бойынша KASE-дегі мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығының жиынтық көлемі 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 38,4%-ға немесе 231,2 млрд теңгеге азайып,  371,1 млрд теңгені құрады.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 14,6%-ға төмендеп, 237,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 39,1 млрд теңгені 6 облыс пен Алматы қаласының әкімдіктері тартты 198,8 млрд теңгені Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тартты.