KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыштың номиналды сомасы  2022 жылғы мамырдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 4%-ға немесе 720,2 млн теңгеге артып, 2022 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша 1,5 трлн теңгені құрады.

2022 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығының жиынтық көлемі 2022 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 64,7%-ға немесе 240,1 млрд теңгеге ұлғайып, 611,3 млрд теңгені құрады.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 116,3%-ға немесе 276,8 млрд теңгеге 514,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2022 жылғы маусымда қайталама нарықтағы инвесторлар құрылымында банктердің үлесі 12%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі – 2,7%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 3%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 80,8%, жеке тұлғалардың үлесі – 1,5% болды. Бейрезиденттердің қатысуы 6,4%-ға бағаланады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында 44 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық.