Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылғы қаңтар-маусымда 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 102,9% құрады, деп хабарлайды Статистика бюросы.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2021 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5247,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8% кем.
2021 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 17080,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,5% артық. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (3%) тіркелген. Бұл кезде өсім өңдеу өнеркәсібінде (5,6%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (5,5%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (7,9%) байқалады.
2021 жылғы қаңтар-маусымда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 1516,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 3,2% артық.
2021 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1824,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 11,9% артық.
2021 жылғы қаңтар-маусымда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 95,1% құрады.
2021 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі 277,3 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,3% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 43,1 млрд. ж-км құрап, 44,3% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-маусымда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемі индексі 112,2% құрады.
2021 жылғы қаңтар-маусымда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 108,5% құрады.
2021 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 5345,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 107,6% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 11746,5 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108,9% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 36409,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда номиналды мәнде 0,9% көбейді, оның ішінде экспорт – 21691,3 млн. АҚШ долларын (5,5% аз, номиналды мәнде), импорт – 14718,1 млн. АҚШ долларын құрады (12,1% көп, номиналды мәнде).
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 469927 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,8% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 461279 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 341927 құрады, оның ішінде 333503 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы маусымда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 6,6%, азық-түлік емес тауарларға – 3,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2,8% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы маусымда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 28,4% өсті.
2021 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 121001 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы мамырға қарағанда 8,4% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1,1% артты.
2021 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 242542 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2021 жылғы I тоқсанда 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы маусымның соңына 223,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.