Бір криптовалюта майнингі орталығы бір айда Қазақстанда 24 мың пәтердің жұмсайтын электр қуатын тұтынады, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Министрлік мәліметінше, дата орталықтар сағатына 5 МВт қуат тұтынады. Ал майнинг шығыны айына 3,6 млн кВт, бұл 24 мың пәтерді электр қуатымен қамтуға жетеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда министрлік криптоорталықтардың электр тұтыну көлемін 100 МВт-қа дейін шектеуді жоспарлап отыр.
Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көлемі 7,4% артқанын бұған дейін хабарған едік.
Электр қуатына сұраныстың артуына Қазақстандағы 50 майнингтік дата орталықтың жұмысына байланысты болуы мүмкін. Олардың шамамен 693,3 МВт қуат тұтынады.
Сонымен қатар елде тіркелмеген майнинг орталықтардың да бар екенін еске сала кетейік. Көлеңкелі майнинг орталықтардың электр тұтыну деңгейі 250-450 МВт болуы мүмкін дейді министрлік.
Криптофермалардың сұранысын қанағаттандыру үшін кемі 1 мың МВт-тың станция салу керек. Бұл Екібастұз ГРЭС-2 қуатымен бірдей.
Алдағы уақытта елде электр қуатының тапшылығы болуы мүмкін. Станциялардың жартысынан көбінің тозығы жеткенін де бұған дейін хабарлаған едік.
Осы себепті министрлік криптофермаларға шектеу қоймақшы.