Қазақстандық банктер шілде айында 201 млрд теңге пайда тапты. Бұл маусымдағы жыл басынан бергі рекордтық төмен көрсеткішпен салыстырғанда 26% көп. Мұндай деректі Ұлттық банк жариялады.
Шілде айы елдің банк секторы үшін салыстырмалы түрде тұрақты болды. Маусымда банктердің пайдасы 159,9 млрд теңгеге дейін төмендеген еді. Шілдеде бұл көрсеткіш 201 млрд теңгеге дейін қалпына келді. Алайда 2025 жылдың шілдесімен салыстырғанда банктердің пайдасы 23% азайды.
Таза пайданың айлар бойынша бөлінісі:
қаңтар – 198,5 млрд теңге;
ақпан – 190 млрд теңге;
наурыз – 203,4 млрд теңге;
сәуір – 203,6 млрд теңге;
мамыр – 239,8 млрд теңге;
маусым – 159,9 млрд теңге;
шілде – 201 млрд теңге.
Осылайша, жыл басынан бері қазақстандық банктер 1,39 трлн теңге таза пайда тапты.
Шілдеде банктердің пайыздық кірісі 906 млрд теңге болды. Бұл маусыммен салыстырғанда 3% көп.
Пайыздық емес кірістер 9% өсіп, 11,4 трлн теңгеге жетті.
Табыс салығына жұмсалған шығын 45,6 млрд теңгені, ал салықты есептемегендегі шығындар 12 трлн теңгені құрады.