Маусым айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл тарихи максимум.
Берілген тұтынушылық кепілсіз несиелердің көлемі 800 млрд теңгеден асты. Бұл да рекорд.
Берілген автонесие көлемі 130 млрд теңгеден асады. Мұндай жағдай бұрын соңды болмаған.
Бір айда 2,5 млн-ға жуық адам жаңа несие алуға өтініш білдірді. Бұл көрсеткіштен көбірек (бірнеше мыңға) тек 2022 жылдың қарашасында болды.
Сонымен қатар, ипотекалық несиелердің орташа мөлшерінің төмендеуі. Маусым айында бір ипотекалық несиенің орташа көлемі 15,4 млн теңге болды. Бұл биыл жыл басынан бергі ең төменгі көрсеткіш.