2022 жылдың мамыр айында елдегі жылдық инфляция 14,0%-ға (сәуірде – 13,2%) жеделдеді. Аймақтар бойынша жылдық инфляция 15 өңірде қарқын алып, 2 өңірде бәсеңдеді.

Жоғары инфляция Маңғыстау (сәуірдегі 13,9%-дан мамырдағы 15,2%-ға дейін), Қарағанды (13,5%-дан 14,8%-ға дейін) және Батыс Қазақстан (12,2%-дан 13,5%-ға дейін) облыстарында тіркелді.

Азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны мамырда ж/ж дейін 19,0%-ға (сәуірде – 17,9%) күшейді. Осы топтағы тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында (21,0%) болды.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 11,9%-ға дейін (сәуірде – 11,1%) артты. Ең жоғары мәні Нұр-Сұлтан қаласында (14,3%), ал төмен мән – Шымкент қаласында (10,2%) тіркелді.

Ақылы қызметтердің бағасы мамырда ж/ж 9,1%-ға көтерілді (сәуірде – 8,9%), бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында жалпы республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары (11,4%) болды, ал Жамбыл облысында айтарлықтай баяу (6,3%) өсті.

2022 жылдың мамыр айында елдегі айлық инфляция 1,4% болды. Бұл соңғы 5 жыл ішінде мамырдағы инфляцияның орташа мәнінен айтарлықтай жоғары (2017-2021 жылдары: 0,5%) көрсеткіш.

Барлық 17 өңірде бағалар 2022 жылғы мамырда өзінің орташа нормасынан жоғары болды. Айлық инфляцияның айтарлықтай қарқыны Маңғыстау облысында (2,2%) тіркелді.