ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесі.
2022 жылдың қазан айында елде жылдық инфляция 18,8%-ды (қыркүйекте – 17,7%) құрап, қарқын алды. Аймақтар бойынша жылдық инфляция 19 өңірде жеделдеді, ал 1 өңірде (Ұлытау облысы) 19,6% деңгейінде өзгеріссіз қалды.
Жылдық инфляцияның ең көп мәні Маңғыстау облысында (22,7%), Астана қаласында (21,8%) және Ақмола облысында (19,9%) тіркелді.
Азық-түлік бағасының өсу қарқыны қазанда ж/ж 23,1%-ға (қыркүйекте – 22,2%) дейін ұлғайды. Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында барынша өсті (30,8%).
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 17,9%-ға (қыркүйекте – 17,0%) дейін өсті. Ең жоғары мән Астана қаласында (28,7%), ең төменгі мән Алматы облысында (15,1%) тіркелді.
Ақылы көрсетілетін қызмет бағасы қазанда ж/ж 13,5%-ға көтерілді, бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Алматы қаласында (17,5%) едәуір тез, Ақтөбе облысында (9,7%) әлдеқайда баяу өсті.
2022 жылдың қазан айында елде айлық инфляция 1,6%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылдағы (2017-2021 жылдары: 0,7%) қазан инфляциясының орташа мәнінен едәуір жоғары.
Барлық өңірде баға 2022 жылғы қазанда орташа тарихи нормасынан жоғары өсті. Айлық инфляцияның ең көп мәні Шымкент қаласында (2,3%) байқалды.