2022 жылдың маусым айында елдегі жылдық инфляция 14,5%-ға (мамырда – 14,0%) жеделдеді. Аймақтар бойынша жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 1 облыста баяулады.
Жоғары инфляция Маңғыстау (мамырдағы 15,2%-дан маусымда 17,0%-ға дейін) және Ақмола облыстарында (13,9%-дан 15,3%-ға дейін) тіркелді.
Маусымда азық-түлік тауарлар бағасының өсу қарқыны 19,2%-ға дейін (мамырда – 19,0%) ұлғайды. Осы топтағы тауарлардың бағасының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында (23,6%) болды.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 13,2%-ға дейін (мамырда – 11,9%) артты. Ең жоғары мәні Нұр-Сұлтан қаласында (16,4%), ал төмен мән – Шымкент қаласында (10,8%) тіркелді.
Ақылы қызметтердің бағасы маусымда 9,2%-ға өсті (мамырда – 9,1%), бұл ретте Түркістан облысында жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары (11,4%) болды, ал Атырау облысында айтарлықтай баяу (6,0%) өсті.
2022 жылдың маусым айында елдегі айлық инфляция 1,6% болды. Бұл соңғы 5 жыл ішінде маусымдағы инфляцияның орташа мәнінен айтарлықтай жоғары (2017-2021 жылдары: 0,5%) көрсеткіш.
Барлық өңірде 2022 жылғы маусымда баға орташа тарихи нормасынан жоғары өсті. Айлық инфляцияның айтарлықтай қарқыны Маңғыстау облысында (2,6%) тіркелді.