Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Павлодар облысының шаруаларымен кездесуінде мал шаруашылығын дамытуды қолдау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске қосу жоспары туралы айтты. Ол шаруаларды осы бағытта бизнесті дамытуға көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
«Келесі жылы біз мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың үлкен бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ең алдымен бұл аустралиялық әдіспен жүзеге асырылатын жобалар. Бұл ретте суармалы егін шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетеміз», - деді Серік Жұманғарин.
Ататған бағдарлама Ертіс өзенінің және Сәтбаев каналының әлеуеті Павлодар облысында шамамен 200 мың гектар аумақты суландыру жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Отандық тамшылатып суаратын қондырғылар өндірісі барын және мал шаруашылығын дамытудың болашақ жобаларын ескере отырып, Үкімет облысқа өңірдегі ирригацияны дамыту бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, оған мемлекет жеңілдікті несие беру арқылы қолдау көрсетпек.