Автор: Аңсар Абуев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы
2024 жылғы бірінші тоқсанда KASE-нің индексі 21,3%-ға өсті, осындай көрсеткішке қарап, нәтижені ойдағыдай деп атауға болады. Мысалы, сол кезеңде S&P 500 индексі 10%-ға, Еуропалық Stoxx 600 7%-ға, жапондық Nikkei 225-20%-ға өсті, ал KASE-мен салыстыруға қисынды MSCI-ден дамушы нарықтар индексі небәрі 1%-ға өсті. Бұл ретте, осы уақыт ішінде теңге долларға шамамен 2%-ға нығайғанын айта кеткен жөн, сондықтан да тек тұрақты валютада инвестициялау қажет деген кең таралған пікір, бұл жағдайда негізсіз. Алайда, көрсеткіштердің осындай өсуінен кейін мынадай сұрақ туындайды: қазір қандай акцияларға инвестициялауға болады?
Бірінші тоқсанда екі таңбалы өсу қарқынын көрсетпеген қағаздарға назар аударған жөн. Бір қарағанда, өкілдік тізімінде тек 10 қағазы бар KASE индексі 21%-ға өскен кезде іс жүзінде акциялардың барлығы 10%-дан артық беруі тиіс. Алайда, іс жүзінде айтарлықтай бөлігі негізінен банктерге тиесілі екені белгілі болды: "Банк ЦентрКредит" АҚ 54,2%-ға өсті, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ 30,2%-ға өсті, ал Kaspi 26,3%-ға қымбаттады. Банк секторына жатпайтын жалғыз акция "Кселл" АҚ болды, ол 61,9% нәтижесімен өсім бойынша бірінші орынды иеленді.
Осылайша, бірінші тоқсанда негізгі өсім KASE индексінің 40%-ына тиесілі болды. Қалған 60%-ға "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (+5%), "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ (-0,8%), "Қазақтелеком" АҚ (+2,9%), "ҚазТрансОйл" АҚ (-4%), KEGOC (+0,2%) және жаңадан қосылған Air Astana (-4.3%) компанияларын жатқызуға болады. Енді нарықтың осы 60%-ның арасында инвесторлар назар аудара алатын жете бағаланбаған акцияларды қарастырайық.
1. ҚазМұнайГаз ҰК АҚ (ҚМГ) – мұнай бағасының өсуінің бас бенефициары. ҚМГ компаниясының айрықша фактісі 2023 жылы ақшалай қаражаттың жақсы генерациясының көрсеткіші болып табылады, бұл ретте Brent баға белгіленімі негізінен төмендегенін көрсетті. Ал бірақ 2024 жылғы бірінші тоқсанда қара алтынның бағасы көтерілді, яғни бір мұнай баррелі үшін 77 АҚШ долларынан шамамен 89 АҚШ долларына дейін өсті, сондықтан да алдағы есеп бойынша болжам оң болып отыр. Сонымен қатар, соңғы уақытта қағаздардың өсуіне техникалық белгілер айқын көрінеді, яғни 11 сәуір күні баға белгіленімдері тарихи ең жоғары деңгейлерді жаңартты және ақпан айынан бері тоқыраудан шықты. Не себепті бұған назар аудару керек? Себебі осыған ұқсас қозғалысты таяуда Kaspi көрсеткен еді және бұл 4 наурыз күнгі бүйірлік трендтен шыққаннан кейін қағаздардың шамамен 27%-ға өсуіне әкелді. ргелі бөлікке де назар аударған жөн, себебі ҚМГ-ның 2023 жылғы 4-тоқсандағы түсімі 2,2 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 16%-ға жоғары. EBITDA көрсеткіші 750 млрд теңгеге жетті (ж/ж +45% және + т/т 71%) көп жағдайда бірлескен компаниялардан келіп түскен дивидендтердің ж/ж 91%-ға күрт өсуіне байланысты. Осының арқасында 2023 жылы еркін ақша ағыны 984 млрд теңгеге жетті және инвесторлар енді бір акцияға кемінде 620 теңге дивиденд күте алады, бұл былтырғы жылдан кемінде 26%-ға жоғары. Сондай-ақ, компания 2023 жылы да, 4-тоқсанда да мұнай өндіру мен тасымалдауды арттыра алғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, тоқсан тасымалдау көлемі бойынша рекордтық және өндіру көлемі бойынша соңғы екі жылда ең жақсы болды. Талдаушылар ҚМГ акцияларын бір данасы үшін 14 800 теңгеден бағалайды, бұл өсу әлеуетінің шамамен 16,4%-ын береді.
2. Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ - инвестициялар үшін әлі де тиімді мүмкіндік. Компанияның акциялары былтырғы жылы жақсы өсіммен ерекшеленді, бірақ қазіргі уақытта салыстырмалы түрде бейтарап болып қала береді. Қазатомөнеркәсіп тізімдегі ең көп "жете бағаланбаған қағаз" анықтамасына сәйкес келуі мүмкін, себебі оның қорында 2023 жылғы 4-ші тоқсандағы табысты есебі және өсудің жақсы іргелі қоры бар, алайда қазіргі уақытта баға белгіленімдерінің құбылмалылығына және АҚШ нарығының ықпалына ұшырайды, бұл маңызды деңгейлерде орнығуға мүмкіндік бермейді. Бұл фактор акцияларды әзірге біршама тартымды мүмкіндікке етуде (ҚМГ-мен салыстырғанда), бірақ Қазатомөнеркәсіп бұл жағдайда өсуге үлкен маржаға ие, бұл оның жете бағаланбағанын көрсетеді. Есепке сәйкес, компанияның 2023 жылғы түсімі рекордтық 1,43 трлн теңгені құрап, 43%-ға өсті. Өсудің негізгі драйвері табиғи уранды сатудан келіп түскен табыс болды (ж/ж +39%). Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап компания кірісі 91 млрд теңгеге жеткен байытылған уранды сата бастады. Түсімнің ұлғаюы аясында компанияның жалпы маржасы 52,5%-дан 53,2%-ға дейін аздап өсті. Компанияда қабылданған дивидендтерді есептеу жүйесіне сүйене отырып, инвесторлар ең аз дегенде 1 188 теңге дивиденд күте алады, бұл былтырғы жылғы дивидендтен 53%-ға артық. Біз акцияларды 23 200 теңгеден бағалаймыз, бұл өсуге әлеуеттің 22,6% береді.
3. Қазақтелеком АҚ - дивидендтік тосынсыйлар күтеміз. Компанияның 2022 жылғы 3-тоқсанда мықты болғанына қарамастан, негізгі түсім баптарын жылдық мәнде ұлғайту арқылы өсудің негізгі қоры бар. Сондай-ақ, компанияның маржасы артып келетіні аса маңызды. 3-тоқсанда 5G желілерін дамыту үшін Kcell (иеленудің ірі үлесі) үшін күрделі шығындар қысымы болды. Бұл операциялық ақша ағындарының өсуін және еркін ақша ағындарының жақсаруын көрсетуге кедергі болмады. Қазір KZTK акциялары арқылы табыс табудың негізгі мүмкіндігі - бұл оның іргелі әлеуеті емес, биылғы жылы болуы мүмкін Қазақтелекомның Алтел-Теле2 ұялы операторын сатуы. Мұндай жағдайда ең маңызды мәселе бұл - 2012 жылы Қазақтелеком Кселл сатқан кездегідей сатудан келіп түскен қаражат есебінен арнайы дивидендтер төлеу болмақ. Теориялық тұрғыдан акционерлер 2023 жылғы стандартты мөлшерден 5 есе (және одан да көп) арнайы төлемдер ала алады.
Нысаналы бағасы - 40 800 тг, өсу әлеуеті - 18,3%.
4. ҚазТрансОйл АҚ - тағы да қызметке кірісті. Соңғы бірнеше жылда "дивидендтік ақсүйектен" шыққан ҚазТрансОйл KASE индексіндегі өз үлесін 2%-ға дейін төмендетіп, жай қағазға айналды. Алайда, жақында акцияларға 2021 жылғы қараша айынан бастап алғаш рет талдаушылардың тарапынан сатып алуға кеңес берілді. Бұған 2023 жылғы 4-тоқсанындағы есептілік себеп болды, онда 80,9 млрд теңге көлеміндегі түсімнің рекордтық көрсеткіштері ұсынылды. Оң сәттердің арасында мыналар ерекшеленеді: мұнай тасымалдау көлемінің жылдан жылға 15%-ға және алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 17%-ға айтарлықтай өсуі, Атырау-Самара бас экспорттық мұнай құбыры көрсеткіштерінің қалпына келуі, мұнайды Германия мен Өзбекстанға жөнелтудің өсуі (транзит), сондай-ақ тарифтердің өздерінің өсуі. Көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, бұл компанияның жағдайын түбегейлі өзгерткен жоқ, өйткені біржолғы операциялық емес шығындар кірістілік көрсеткіштерін алдыңғы жылмен бірдей деңгейге түсірді. Дегенмен, мұны алға жасалған қадам деп атауға болады, ал бағалау моделіндегі компания капиталының құнын төмендету нысаналы бағаны 1080 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, бұл бірден өсу әлеуетінің 27%-ын береді.