2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында республика бойынша күріш өндірісі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 10% көбейіп 164,9 мың тоннаға жетті.
Өңірлер бойынша бірінші орында Қызылорда облысы. Күрішті өңірде өндіріс 5% көбейіп 150,5 мың тоннаға жетті.
Екінші орында Түркістан облысы (7,5 мың тонна), одан кейін Алматы облысы (6,9 мың тонна).
Жалпы 2020 жылы күріш өндірісі алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,1% ұлғайып 200,8 мың тонна болды.
Ішкі сұраныстың қазір 97,8%-ын отандық өнім қамтамасыз етеді. Былтыр көрсеткіш 96,2% болған еді.
Ал экспорт көлемі 7,6% көбейіп 69,1 мың тонна болды. Өндірілген өнімнің 45,5%-ы шетелге сатылады.
Ішкі нарыққа сату көрсеткіші былтырғыдан 7% артып 82,7 мың тонна болды.
Қазан айында күріш бағасы республика бойынша орташа есеппен 367 теңге болды, былтырғыдан 2,2% арзан.
Ең қымбат қала елорда (465 теңге), ең арзаны Петропавл (290 теңге).
Ең қатты қымбаттаған өңір Атырау (6,2%), Қарағанды (6%) және Маңғыстау (4,2%) облыстары, ал елордада (на 0,7%) қымбаттады.
Қалған 13 өңірде баға керісінше арзандады. Ең аз арзандағаны Батыс Қазақстан облысы (0,2%), ең көп арзандаған өңір СҚО (10,8%).