"Кселл" АҚ 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы қызметінің нәтижелерін хабарлады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
"Кселл" акционерлік қоғамының үшінші тоқсандағы жалпы түсімі 7,3 %-ға өсіп, 50 245 млн теңгені құрады.
Соның ішініде сервистік түсім 12,8 %-ға өсіп 40 419 млн теңгеге жетсе, EBITDA көрсеткіші бір реттік шығындарды есептемегенде 0,7 %-ға өсіп, 20 658 млн теңгені құрады. EBITDA бойынша рентабельділік 41,1% құрады.
Бір жолғы шығыстарды есепке алмағанда операциялық пайда 2,1 %-ға ұлғайып, 12 874 млн. теңгеге жетті.
Қаржыландыруға арналған таза шығындар 35,3 %-ға азайып, 1 526 млн теңге болды.
Таза пайда 2,2 %-ға өсіп, 9 326 млн теңгені құрады (9 124).
CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 13,4 % (7,5) құрады.
Бос ақша қаражатының ағыны екі еседен астам ұлғайып 17 433 млн теңге болды.
Тоғыз айдағы таза түсім 11,9%-ға өсіп, 140 408 млн теңге болса, сервистік түсім 11,1 %-ға 114 541 млн теңгеге дейін өсті.
EBITDA көрсеткіші бір жолғы шығындарды есептемегенде 12,5 %-ға 59 463 млн теңгеге дейін ұлғайды. EBITDA бойынша рентабельділік 42,4% құрады.
Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 23,2 %-ға ұлғайып, 36 244 млн теңгені құрады.
Қаржыландыруға арналған таза шығындар 20,4 %-ға төмендеп, 5 709 млн теңгені құрады.
Таза пайда 41,3%-ға артып, 24 953 млн теңге болды.
CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 8,1% құрады.
Бос ақша қаражатының ағыны 70,5 %-ға ұлғайып, 39 047 млн теңгені құрады.
Абоненттік база 7 957 мың пайдаланушыдан тұрады.
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_291021_1.pdf