CEX.IO криптобиржасының техникалық директоры Дмитрий Волковтың айтуынша, Қазақстан Қытай, АҚШ пен Ресейден кейін төртінші орында.
Әлем бойынша хэшрейттің 6,17 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын өсіп келеді.
Бірінші орындағы Қытайға әлемдік хэшрейттің 65 пайызы тиесілі болса, АҚШ-қа 7,24 пайызы, Ресейге 6,9 пайызы тиесілі.
Қазақстаннан кейінгі Малайзия әлемдік хэшрейттің 4,33%-на, Иран3,82%-на ие.
Айта кетерлігі, 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың сәуіріне дейін Қытайдың көрсеткіші 75%-дан 65%-ға төмендеді. Есесіне Қазақстанның көрсеткіші бір жылда 4 есе өсіп, 1,42%-дан 6,17%-ға жетті. Осы қарқын сақталатын болса, қазақстандық майнерлер үздік үштікке де кіруі мүмкін. Оған техникалық, экономикалық, саяси және әлеуметтік алғышарттар жоқ емес.
Майнинг саласының тартымдылығына үш негізгі фактор әсер етеді: криптовалюта құны, өндірілген блоктың сыйақы көлемі және блокты өндіру құны. Өндіру құнына құрылғы сатып алу мен электр қуатының бағасы әсер етеді. Осы үш фактор бойынша Қытай қазір тартымдылығын жоғалтып барады.
Біріншіден,үшінші халвингті өткізгеннен кейін өндірілген блоктың сыйақы көлемі 50 пайыз төмендеп, қазір 6,25 ВТС ғана болып қалды. Сыйақы көлемінің төмендегінен кейін кейбір жекелеген өндірушілер бұл кәсіпті біржола тастады.
Екіншіден, ВТС құны әрдайым өзгеріп отырады. Кейде минимумға дейін құлдыраса, енді бірде 10 мың долларға жетеді. Бұл майнерлердің жұмысына кедергі келтіреді. Мысалы, мамыр айында Қытайда көптеген майнерлер жабылып қалды.
Сонымен қатар хэшрейттің төмендеуі Қытайдағы климаттық өзгерістерге әсер етіп, электр қуатының дефицитін тудырды. Сычуань өңірінде Қытайдың есептеу қуатының 9,66 пайызы орналасқан, осы жақтағы жергілікті билік майнингтік фермаларды жаптырып тастады. Корновирус та майнингтік фермалардың жабылуына әсер етті.
Қытайда электр қуаты арзан болғанымен, оның тапшылығы майнингке үлкен кедергі.
Ал Қазақстанда жағдай керісінше. Билік қазір майнерлерді қолдайды. Мысалы, майнингке салық алынып тасталды. Ал қазір тіпті криптовалюта айналымы мен оның өнддірісін заңдастыратын заң жобасы қаралып жатыр. Олай болса, Қазақстан отандық қана емес, шетелдік те ірі майнерлерге ферма ұсына алады.
Сонымен қатар электр қуаты да елімізде арзан. Жыл басынан бері электр қуатының өндірісі 3 пайыз көбейді. Алдағы уақытта да көрсеткішті көбейтуге мүмкіндік бар.
Қазақстанда қазір майнингпен айналысатын 14 компания бар. Олар жалпы көлемі 200 млн доллар қаражат тартты. Алдағы уақытта тағы 300 млрд теңге инвестиция салмақшы. Бұл шамамен 738 млн АҚШ доллары. Үкімет бұл бағытты қолдайды.
Алайда кедергілер де жоқ емес. Басты проблема құрылғының жоқтығы. Криптовалюта өндіруге қолданылып жатқан көптеген ASIC Қытай мен АҚШ-тан келеді. Олардың өзі ескі құрылғылар.