Каспий құбыр консорциумның хабарлауынша, Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы 2025 жылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданған. Оның ішінде Теңіз кен орнынан – 36,6 млн тонна, Қарашығанақтан – 9,2 млн тонна және Қашағаннан – 17 млн тонна мұнай түскен.

Теңіз – Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды. Бұл бағыт бойынша Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының екіден үш бөлігінен астамы, сондай-ақ ресейлік кен орындарының, соның ішінде Каспий қайраңында орналасқан нысандардың шикізаты тасымалданады.

КҚК теңіз терминалы танкерлерді жағалаудан едәуір қашықтықта қауіпсіз тиеуге мүмкіндік беретін үш қашықтықтан айлақтық құрылғымен жабдықталған.