Статистика бюросының дерегінше, 2022 жылы коммерциялық емес ұйымдардың табысы 660,7 млрд теңгені құрады.
Атап айтқанда:
- саяси ұйымдар – 51,4 млрд теңге;
- кәсіподақтар – 46,8 млрд теңге;
- діни ұйымдар – 25,4 млрд теңге;
- кәсіби ұйымдар – 18,5 млрд теңге;
- кәсіпкерлік ұйымдар – 1,2 млрд теңге табыс тапты.
Қалған 78 пайызы басқа коммерциялық емес ұйымдарға тиесілі. Ал бұл 517,3 млрд теңге. Олардың арасында әдеби ұйымдардан бастап қайырымдылық ұйымдары да болуы мүмкін.
Деректер іріктелген сауалнама нәтижелері бойынша алынған, сондықтан көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін.