2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда 92,6 млн тонна көмір өндірілді. Көрсеткіш былтырғы осы уақыттағыдан 1,6% көп.
Өңірлер бойынша ең көп өндірген әдеттегідей Павлодар облысы 53,7 млн тонна (былтырғыдан 0,5% аз), Қарағанды облысы 31,4 млн тонна (былтырғыдан 1,5% көп) және ШҚО 7 млн тонна (былтырғыдан 15,2% көп).
Ақшалай есептегенде биыл 291,7 млрд теңгенің көмірі өндірілді.
Ал былтыр 12 айда өндіріс алдыңғы жылдағыдан 1,4% аз болып, 113,4 млн тоннаны құраған еді.
Қаңтар-қыркүйек аралығында ішкі сұраныстың 99,4%-ын отандық өндірушілер қамтамасыз етті.
Импорт үлесі 0,6%. Импорт көлемі былтырғыдан 20,7% азайып, 438,5 мың тонна болды.
Ал экспорт 31,4% өсіп 21,1 млн тоннаға жетті.
Ішкі нарықта сатылған көмір көлемі былтырғыдан 6% азайып 58,4 млн тоннаны құрады.
Қазан айында көмірдің бөлшек бағасы 13,9 мың теңге болды, былтырғыдан 5,7% көп.