2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында көмір өндірісі былтырғы осы уақыт аралығымен салыстырғанда 1,5% көбейіп 82,1 млн тоннаны құрады.Өңірлер бойынша әдеттегідей Павлодар облысы алды. Мұнда өндірілген көмір көлемі 47,9 млн тонна, одан кейін Қарағанды облысы (27,7 млн тонна) және Шығыс Қазақстан облысы (6 млн тонна).Өндірілген жалпы көмірдің 76,1 млн тоннасы тас көмір. Көрсеткіш былтырғыдан 2% көп.Жалпы 2020 жылы он екі ай қорытындысы бойынша өндіріс алдыңғы жылғымен салыстырғанда 1,4% азайып 113,4 млн тонна болған еді.Тас көмір бағасы қыркүйек айының қорытындысы бойынша республикада орташа есеппен 5,1% қымбаттады.
Республиканың 14 өңірінде баға өсіп кетті. Соның ішінде ШҚО-да (10,8%), Жамбыл мен Түркістан облыстарында (8,6%) қымбаттады. Жалғыз БҚО-да ғана 1% арзандады.
Ең қымбат өңірлер Орал. Онда бір тонна көмір 19,3 мың теңгеден сатылып жатыр. Артынша Тараз (15,6 мың теңге) және Түркістан (15,3 мың теңге).
Ең арзан қалалар Семейде тоннасы 9,8 мың теңге, Қарағандыда 10,8 мың теңге және Өскеменде 10,9 мың теңге.