Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында ҚР-да 86,7 млн тонна тас көмір, оның ішінде қоңыр көмір мен көмір концентраты өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық, деп хабарлайды energyprom.kz.
Негізгі өндіруші өңірлер Павлодар және Қарағанды облыстары республикадағы жалпы көмір өндірісінің 90,6%-ын қамтамасыз етті. Павлодар облысында өндіріс былтырмен салыстырғанжа 4,9% көбейіп, 50,3 млн тоннаны, Қарағанды облысында 1,9% көбейіп 28,2 млн тоннаны құрады.
79,9 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% артық. Оның ішінде кокстелетін көмір өндіру 5,8 млн тоннаны құрап, бір жыл ішінде 14,3% артса, 12,8 млн тонна энергетикалық көмір өндірілді, көрсеткіш бірден 20,9% қысқарды.
Лигнит (қоңыр көмір) өндіру бірден 23,9% көбейіп, 3,7 млн тоннаға жетсе, көмір концентраты 4,4% артып, 3,1 млн тоннаны құрады.
Сегіз айдың қорытындысы бойынша, Қазақстан 653,2 миллион АҚШ долларына 22 миллион тонна тас көмір экспорттады. Өсім физикалық мәнде 18,5%, ақшалай түрде бірден 2,2 есе болды.
ТМД елдеріне 14,3 мың тонна көмір жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,1% аз. Ресей ҚР өнімдерінің негізгі импортшысы болды: 13,4 млн тонна көмір сатып алды, бір жылда көрсеткіш 9,2% өсті. Одан кейінгі сатып алушылар Қырғызстан мен Өзбекстан.
Әлемнің басқа елдеріне 7,7 мың тонна көмір жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есеге артық. Ақшалай есептегенде экспорт 8,6 есе өсіп, 451,6 млн АҚШ долларына жетті. Қазақстан көмірін алушылар Швейцария, одан кейін Польша мен Кипр.
Еліміздің ішкі нарығында биыл қазан айында көмір бағасы өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 10,9% қымбаттады.
Өңірлер бойынша көмір бағасы ең көп қымбаттаған Ұлытау облысы: бір жылда баға бірден 57,4% өсті. Одан кейін Абай (18,6% қымбаттады) және Солтүстік Қазақстан (18,5% қымбаттады) облыстары.
Ең аз жылдық баға өсімі Қызылорда облысында тіркелді: бар болғаны 0,3%. Батыс Қазақстан облысында көмір бағасы өзгеріссіз қалды.