Қазақстан коллекторлары қауымдастығына кіретін коллекторлық агенттіктер борышкерлердің қарызын қайта құрылымдау бағдарламасының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.
«Қайта құрылымдау рәсімі мерзімі өткен берешегі бар барлық қарыз алушылар үшін және ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері үшін, сондай-ақ қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтар үшін қолайлы өтеу кестесін ұсынуды көздейді. Қарызды «сауықтыру» үшін клиенттер жаңа/жеңілдікпен өтеу кестесін қалыптастырады және тиісті шарт жасайды.
Кейбір жағдайларда қарызды ішінара есептен шығару негізінен әлеуметтік осал топ санатындағы қарыз алушылар үшін жекелей қарастырылады», дейді баспасөз қызметі.
Әрбір өтініш бойынша шешімді коллекторлық агенттік дербес қабылдайды.
«Бастама азаматтарға қарыз ауыртпалығынан құтылуға мүмкіндік береді. Қарыз алушы мен несие беруші арасында ымыраға келу үшін қауымдастық мүшелері бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізеді деп жоспарлануда», деп түсіндірді қауымдастық.
Қарыз алушыларға өтініш берудің жалпы шарттары:
- қарызды талап ету құқығы коллекторлық агенттікке тиесілі болса;
- қарызды қайта қаржыландыруды АКК мүшелері болып табылатын коллекторлық агенттіктер ғана жүзеге асырады.
Қазақстан коллектерлар қауымдастығы мүшелері коллекторлық агенттіктердің тізімімен kzcollection.kz сайтының «АКК мүшелері» бөлімінде танысуға болады.
Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішті мына мекенжайға жіберуге болады:
- Қазақстан коллекционерлері қауымдастығының https://kzcollection.kz сайты арқылы;
- Қауымдастық сайтында орналастырылған коллекторлық агенттіктердің электрондық мекен-жайларына;
- WhatsApp желісінде +7 776 508 33 00 нөміріне.
- Толық ақпаратты Қазақстан коллекционерлер қауымдастығының сайтынан немесе +7 776 508 33 00 телефоны арқылы алуға болады.