2022 жылдың қаңтар-маусым айларында техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсету көлемі 84,2 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5% артық, деп хабарлайды finprom.kz
Бюджет қаражаты есебінен 73,8 млрд теңге, халық есебінен 9,8 млрд теңге, кәсіпорындар есебінен 669 млн теңге қызмет көрсетілді.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде сектордағы қызмет көрсету көлемі бір жылда 7,8% өсіп 73,6 млрд теңгені құраған.
Өңірлер бойынша көрсетілген қызметтің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі: 11,1 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 18% артық. Одан кейін Түркістан облысы (5,6 млрд теңге, былтырғыдан 3,9% аз) және Шымкент (5,5 млрд теңге, 21,5% көп).
Ең аз қызмет көрсету көлемі Ұлытау облысында байқалды: бар болғаны 1,5 млрд теңге. Сонымен қатар Атырау мен Абай облыстарында да қызмет аз.
Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсету көлемінің ең көп өсімі елордада (бір жылда 27,1% өсіп, 4,6 млрд теңгеге жетті), ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан облысында (42% азайып, 3,1 млрд теңге болды).
Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың 76,7%-ы мемлекеттік. Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер 64,6 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9% артық. Көрсетілген қызметтердің тағы 23,3%-ы жеке кәсіпкерліктен (19,7 млрд теңге, былтырғыдан 24,3% өскен) және шетелдік кәсіпорындардан тек 1,9 млрд.
Кәсіпорындардың көлемі бойынша қызмет көрсетудің негізгі көлемі орта бизнеске тиесілі: 46,4 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 11,3% артық. Шағын кәсіпкерлік субъектілері секторда 30,5 млрд теңгеге, бір жылда 20,1% өссе, ірі кәсіпорындар 7,3 млрд теңгеге қызметке көрсеткен, көрсеткіш 13% өскен.
Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, кәсіптік орта білім беру құны бір жылда 19,5% өскен.
Бағаның ең көп өсуі Атырау облысында байқалды: бір жылда 65,9%. Одан кейін Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары: тиісінше 35,4% және 34,5%. Бағаның ең аз өсімі Ақмола облысында тіркелді: 1,3% ғана.