Қазақстанда сиыр етінің бағасынан өсімінен кейін көктемде құс еті де қымбаттауы мүмкін. Бірақ өсім күрт болмайды. Бұл болжамды AITAS құрылтайшысы Серік Толықпаев мәлім етті.
«Қазіргі таңда Қазақстанда қызыл еттің бағасы өсіп жатыр. Елімізде және жақын аймақтарда құс өнімдерінің бағасы бұрынғысынша тұрақты және қазіргі уақытта өсу үрдісі байқалмайды. Бірақ қызыл ет нарығына қарасаңыз, нарық (құс еті – Ред.) көтерілуі мүмкін. Қанша уақыт, мен айта алмаймын. Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында Ресей импорты, Америка импорты есебінен белгілі бір профицит бар... Наурыз-сәуір айларына жақынырақ бағаның күрт өсуі емес, белгілі бір өсуі болуы керек. Менің ойымша, 10% шамасында», — деді Серік Толықпаев.
Ол құс еті нарығында соңғы үш жылда арзандағанын атап өтті.
«2022 жылы біздің компания сатқан құс етінің орташа құны килосына 1070 теңге шамасында болды. Қазіргі уақытта – 940 теңге шамасында. Яғни, үш жыл ішінде дефляция болды. Баға өскен жоқ, керісінше төмендеді», — деді холдингтің негізін қалаушы.