Бір айда (2021 жылғы сәуір 2021 жылғы наурызға) баға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына – 1%-дан, ақылы қызметтерге 0,5% жоғарылады.
пайызбен, өсуі
2021 жылғы сәуір | 2021 жылғы қаңтар-сәуір 2020 жылғы қаңтар-сәуірге | ||||
2021 жылғы наурызға | 2020 жылғы желтоқсанға | 2020 жылғы сәуірге | 2015 жылғы желтоқсанға | ||
Тауарлар мен қызметтер | 0,9 | 2,7 | 7,0 | 42,3 | 7,2 |
Азық-түлік тауарлары | 1,0 | 4,1 | 9,8 | 55,8 | 10,8 |
Азық-түлік емес тауарлар | 1,0 | 2,5 | 6,4 | 44,1 | 5,6 |
Ақылы қызметтер | 0,5 | 1,3 | 4,1 | 24,8 | 3,9 |
Бағаның өсуі қызылшаға – 17,1%, картопқа – 12%, сәбізге – 10,5%, күнбағыс майына – 2,7%, құмшекерге – 2,5%, тауықтың сирағына – 2,3%, жаңа жиналған жемістерге – 2%, қой етіне – 1,7%, ет өнімдеріне – 1,2%, жармаларға – 1%, шошқа етіне – 0,9%, макарон өнімдеріне, шайға, пастерленген сүтке – 0,8%-дан, ұнға – 0,7%, сиыр етіне 0,6% белгіленді. Минералды және ас су – 2%, салқындатылған сусындар – 0,9%, алкогольды сусындар 0,7% қымбаттады. Бағаның төмендеуі қиярға – 9,6%, апельсиндерге – 1,5%, қызанаққа – 1,1%, күрішке 0,6% тіркелді.
Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 2%, жеке қолданылатын тауарларға, шыны және қыш бұйымдарға, құрылыс материалдарына – 0,7%-дан, автомобильдерге – 0,6%, тоқыма бұйымдарына – 0,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, киім және аяқ киімге 0,4%-дан құрады. Бензин – 6%, дизель отыны 0,9% қымбаттады.
Баға деңгейі монша қызметтеріне – 1,9%, санаторийлер қызметтеріне – 1,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 1,2%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 1,1%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 0,7%, интернет желісі қызметтеріне – 0,6%, қонақ үйлер қызметтеріне 0,5% жоғарылады. Жолаушылардың темір жол көлігімен жол жүру ақысы – 0,8%, әуе көлігімен 0,9% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға 1,2% жоғарылады.