Биылғы бірінші жартыжылдық нәтижесі бойынша елімізде әр түрлі көкөніс импорты өзгерді. Атап айтқанда, баялды импорты 7,7% артып, 2,4 мың тоннаға жетті.
Ал ақ қырыққабат импорты 60,1%, 36,3 мың тоннаға дейін, сәбіз — 48,2%, 15,3 мың тоннаға дейін, картоп — 42,8%, 22,1 мың тоннаға дейін, бұрыш — 38,5%, 15,9 мың тоннаға дейін, сарымсақ — 31,6%, 2,4 мың тоннаға дейін, қызанақ — 18,3%, 41,2 мың тоннаға дейін, қызылша — 13,3%, 7,5 мыңға тоннаға дейін, қияр — 9,1%, 6,8 мың тоннаға дейін, пияз — 2%, 178,8 мың тоннаға дейін, бақша дақылдары — 0,6%, 40,9 мың тоннаға дейін азайды.
Экспортқа келер болсақ, картоп 13,2 есе, 108,8 мың тоннаға дейін, баялды 3,4 есе, 64,6 тоннаға дейін, сәбіз 2,4 есе, 5,4 мың тоннаға дейін, пияз 95,3%, 59,8 мың тоннаға дейін, бұрыш 86,3%, 1 мың тоннаға дейін, сарымсақ 37,6%, 527 тоннаға дейін, қияр 18,1%, 3,5 мың тоннаға дейін, қырыққабат 9,6%, 5,4 мың тоннаға дейін көбейді.
Қызанақ экспорты 16%, 7,3 мың тоннаға дейін, бақша дақылдары 26,7%, 3,4 мың тоннаға дейін, қызылша 59,9%, 356,2 тоннаға дейін ұлғайды.
Кей позициялар бойынша импорттың экспорттан асып кеткенін байқаймыз. Мысалы, баялды импорты экспортқа қарағанда 37 есе көп, қызылша — 21,1 есе, бұрыш — 15,7 есе, бақша дақылдары — 12 есе, қырыққабат — 6,7 есе, қызанақ — 5,6 есе, сарымсақ — 4,5 есе, пияз — 3 есе, сәбіз — 2,9 есе, қияр — 2,9 есе, қияр — 1,9 есе, картоп — 20,4% көп.
Сектордағы бөлшек сауда бағасына келетін болсақ, биыл тамыз айының қорытындысы бойынша, көкөніс бағасы айлық динамикада 6,1% төмендеді, алайда бір жыл ішінде (яғни өткен жылдың тамызымен салыстырғанда) көрсеткіш 12,3% өсті.
Өңірлер бойынша айлық динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында ғана байқалды: 0,8%. Ең көп арзандау Қарағанды облысында (14,4%), ең азы Қызылорда облысында (1,5%) тіркелді.
Жылдық динамикада ең қатты қымбаттаған тағы да Ұлытау облысы (32,7%), ең аз қымбаттаған өңір Қарағанды облысы (1,2%). Сонымен қатар, екі өңірде — Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында көкөніс 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда тиісінше 8,1% және 2,5% арзандады.
Өнім санаттары бойынша тамыз айының аяғында ақ қырыққабаттың бағасы айтарлықтай өсті: бір айда 14,3% және бір жылда 67,2%, республика бойынша орташа есеппен килосы 169 теңгеге дейін.
Қызылша бір айда 3,7% қымбаттады, бірақ былтырғы тамызбен салыстырғанда 0,9% төмендеп, килосы 257 теңгені құрайды.
Сәбіз бір айда 1,7%, бір жылда 6,5% қымбаттап, килосы 196 теңгеге жетті. Картоптың бағасы бір айда 4%, бір жылда 0,3% төмендеп, килосы 170 теңге болды. Қияр бір айда 4,7% арзандаса, бір жылда 6,8% қымбаттап, килосы 394 теңге болды. Бір айда қызанақ бағасы 12,9% төмендеді, бірақ 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда 15,4% өсіп, килосы 475 теңгені құрады. Пияз бір айда 22,5%, бір жылда 10,8% арзандап, килосы 147 теңге болды.