KMGI 2025 жылы атқарған жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарып, қаржылық және операциялық көрсеткіштері айтарлықтай өскенін көрсетті. 

Басты операциялық нәтижелер:

Petromidia мұнай өңдеу зауытында өңделген шикізаттың жалпы көлемі 5,88 млн тоннаны құрады, орташа нақты өңдеу өнімділігі — тәулігіне 14,9 мың тонна.

KMGI еншілес ритейл компанияларының сату көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 14% артты, бұл көрсеткішке Румынияда, сонымен қатар басқа да елдерде — Молдова, Болгария, Грузияда көтерме және трейдинг сатылымының ұлғаюы әсер етті. 

Жанармайға қатысы жоқ тауарлардан түскен пайда 56,9 млн доллар жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9% жоғары. 

Қаржы нәтижелері: 

2025 жылдың шоғырландырылған EBITDA көрсеткіші 424 млн долларға жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 61% артық.

KMGI таза пайдасы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 128 млн долларды құрады, бұл компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.