KMF микроқаржы ұйымы 23 қыркүйекте 2,679 млрд теңгеге облигация сатты. Құнды қағаздың жылдық табысы 13%.
Құнды қағазды шығаруға "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ андеррайтер болды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қыркүйекте KMF микроқаржы ұйымы 7,320 млрд теңгеге облигация сатқан еді. Нәтижесінде қаржы ұйымы 10 млрд теңгенің облигациясын сатып отыр.
Құнды қағаздарды сатып алуға сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар мен жеке ЖШС-лар қатысты.