2025 жылдың 12 тамызында лицензия алған жаңа KMF Банкінің таза пайдасы 21,9% азайды. 2025 жылдың алғашқы алты айында банк 4,7 млрд теңге тапса, 2024 жылдың дәл осы кезеңінде 6 млрд теңге пайда көрген. Бұл KASE-де жарияланған.
Сонымен қатар, банктің таза пайыздық кірістері 3,3% өсіп, 30,2 млрд теңгеге жетсе, ал несие бойынша шығындар бірден 8,3% төмендеп, 3,7 млрд теңге болды.
Компанияның рентабельділігінің төмендеуіне кадр шығынының өсуі мен қаржы құралдарымен жасалған операциялардан болған шығындар әсер етті. Кадр шығындары 17,2%, яғни 2,1 млрд теңгеге өсіп, 14,4 млрд теңгеге жетті. Бұл сома KMF Банкінің таза пайдасының 44,7%-на тең. Ал қаржы құралдары бойынша операциялардан болған шығындар үш еседен астам өсіп, 1,2 млрд теңгеге артып, 1,7 млрд теңгені құрады.
KMF Банкінің активтері жарты жылда 14,2% өсіп, 384,2 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелерінің өсім қарқыны бұдан да жоғары болды – 15,6% өсіп, 316,2 млрд теңгені құрады.